Текст
18.11.2025
Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің «Бастауыш білім берудің педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының IV курс студенті Сәбит Жұлдыз «Кіші сыныптарда оқыту» құзыреттілігі бойынша «WorldSkills Kazakhstan 2025» кәсіби шеберлік республикалық конкурсына дайындық жұмыстарын жалғастыруда.
Ағымдағы жылдың 17 қараша күні В модулі бойынша интерактивті жабдықты пайдалана отырып, тәрбие жұмысының бір бағыты (эстетикалық, экологиялық, адамгершілік тәрбиесі) мен нысаны негізінде сыныптан тыс іс-шара әзірленіп, өткізілді. Ерікті ретінде аталған мамандықтың I курс студенттері қатысты.
Сыныптан тыс іс-шарадан кейін әдістемелік нұсқаулар мен ұсыныстар берілді.