АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«ФОРТЕПИАНОДА ОЙНАУДЫ ҮЙРЕНУДІҢ БІРІНШІ ЖЫЛЫНДА МУЗЫКАЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРДІ ДАМЫТУ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ҮЛГІ САБАҚ

17.11.2025
2025 жылдың 17 қараша күні Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде арнайы пән оқытушысы Рерих Ксения Александровна «Негізгі аспап – фортепиано» пәнінен М-11 тобының студенті Мыханова Гаухармен үлгі сабақ өткізді. Сабақ мемлекеттік тілде жүргізілді.
Сабақтың мақсаты – студенттің музыкалық қабілеттерін дамыту: есту, ырғақ, моторика, есте сақтау дағдыларын жетілдіру, нота ұзақтылықтарын бекіту, сондай-ақ legato, non legato, staccato негізгі штрихтарымен таныстыру. Сонымен бірге студенттің клавиатурада бағдарлана білуі, қол қимылдарының үйлесімділігі және орындаушылық дағдылары қалыптастырылды.
Сабақ барысында студент:
🔹фортепианоның негізгі құрылымын қайталап, пернелердің атаулары мен орналасуын анықтады;
🔹дұрыс отыру, қол қою және саусақ позициясын реттеп, орындау техникасын бекітті;
🔹нота ұзақтылықтарын (бүтін, жарты, төрттік, сегіздік) LearningApps платформасы арқылы орындап, бекітті;
🔹legato, non legato, staccato штрихтарының ерекшеліктерін тыңдап, талдап, қарапайым әуенді үш түрлі штрихта орындады;
🔹орыс халық әні «Эй, ухнем» шығармасының ырғақтық ерекшелігін шапалақ арқылы талдады;
🔹шығарманы алдымен оң қолмен, кейін сол қолмен орындап, дайындық деңгейіне қарай екі қолмен баяу темпте біріктірді;
🔹орындау кезінде дыбыс сапасы, саусақтардың дұрыс ауысуы және ырғақ дәлдігіне назар аударды.
Сабақ соңында мұғалім мен студент арасында кері байланыс жүргізіліп, бүгінгі сабақта меңгерілген жаңа ұғымдар (legato, non legato, staccato) және орындау дағдылары талқыланды. Үй тапсырмасы ретінде штрихтарды бекіту және жаңа шығарманы екі қолға жеке-жеке санап орындау ұсынылды.
Үлгі сабаққа Ақмола облысы білім басқармасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді дамыту орталығының әдіскері Жаманбаева Қаракөз Мұқышқызы, колледж әдіскері Сабырова Әсем Бекешқызы, Музыка бөлімінің меңгерушісі Шайрахметова Әсел Ғалымқызы және «Музыкалық білім беру» кафедрасының оқытушылары қатысты.
Бұл үлгі сабақ студенттің алғашқы оқу жылындағы музыкалық қабілеттерін жүйелі дамытуға және фортепианодағы негізгі техникалық дағдыларын қалыптастыруға бағытталды.
Просмотров: 242


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст