АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
Қазіргі ғылым мен техниканың ерекше алға басқан уақытында кітапхананың қызмет көрсету ауқымы кеңейтіліп, электронды ресурстармен толығуы керек. Заманауи ақпарат тасымалдаушы технология жүйесінде де кітапхана маңызды буын болып саналады. Кітапхана ісін автоматтандыру жүйесі оқырмандарға қажетті электронды ақпараттар қорын жинақтап, оны компьютерлік желілер мен интернет жүйесі арқылы жеткізудің негізгі құралы екені анық. Кітапхана жұмысын автоматтандырудың негізгі мақсаты – кітапхана қызметін жетілдіріп, ашық ақпарат кеңістігінде ақпарат түрлерін еркін пайдаланып, ақпарат және кітапхана-библиография қызметін кеңейту, ақпараттарды оқырманға тез және ыңғайлы түрде жеткізу, сонымен қатар кітапхана жұмысына жаңа ақпараттық технологияны енгізу. Осыған орай Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде информатика пәнінің оқытушысы Утебаева Дәмелі Зайроллақызының бастамасымен «Абай атындағы электронды-ресурстық» кітапханасының таныстырлымы өтті. Таныстырылым барысында сайттың жұмыс жасау реті мен мүмкіндіктері жайлы ақпарат берілді.
Оқытушылар мен студенттер сайт мүмкіндіктерін толыққанды пайдалана алады. Қашықтықтан оқыту жүйесінде электронды кітапхана ісінің жолға қойылуы студенттер мен оқытушылар үшін зор мүмкіндіктер туғызып отыр.