01.06.2021
31 мамыр – Қазақстан тарихының ең қайғылы кезеңдерінің бірі саналатын жаппай саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Бұл күні барша қазақстандықтар Cталиндік репрессияның салдарынан жапа шекккен ата-бабаларына тағзым етіп, оларды еске алады.
Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің оқытушылар құрамы мен студенттері де бұл шарадан қалыс қалмай, саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай ұйымдастырылған іс-шараға белсене қатысты. Атаулы шараның өтуіне колледж директоры Ахат Нұртас Ахатұлы ерекше мән берді. Білім ордасының тарихшылары өткізген шара барысында студенттер XX ғасырдың 20-50 жылдары қазақ халқы бастан кешірген зұлмат жылдардың зарын мұңлы әндер мен сахналық көріністерден сезіне алды. Ал тарих пәнінің оқытушысы Ж.Т.Бимағамбетова көрермендерге қуғын-сүргін мен ашаршылық жөнінде мазмұнды ақпарат берді.
31 мамыр – халқымыз үшін қайғылы күн ғана емес, тәуелсіздік жолында жазықсыз құрбан болған асыл азаматтарымыздың есімдерін мәңгі сақтау, жас ұрпаққа жеткізу күні.