13.11.2025
2025 жылдың 12 қараша күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің педагогтері мен студенттері ұжымдасып, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру және кино культін қалыптастыру мақсатында отаншылдыққа, елжандылыққа тәрбиелейтін «Капитан Байтасов» фильмін тамашалап қайтты.
Көрсетілімнен кейін студенттер мен оқытушылар фильмдегі оқиға желісіне, кейіпкерлердің ерлік істеріне, елге адал қызмет ету мен азаматтық борыш ұғымдарының мәніне қатысты әсерлерімен бөлісті. Шынайы өмірден алынған оқиға негізінде түсірілген бұл фильм көрермендердің бойында отансүйгіштік рухты оятып, ел қауіпсіздігін қорғаудағы батырлардың ерлігін терең сезінуге мүмкіндік берді.
Көркем фильмдер – тек көрерменді қызықтыру құралы емес, сонымен бірге тұлғаның дүниетанымын кеңейтіп, адамгершілік, рухани және патриоттық құндылықтарды дарытудың пәрменді тетігі. «Капитан Байтасов» сынды отандық фильмдерді жүйелі түрде тамашалау жастардың ұлттық сана-сезімін нығайтып қана қоймай, қазақ кинематографиясына деген құрмет пен қызығушылықты арттыруға, сапалы кино мәдениетін қалыптастыруға ықпал ететіні анық.