АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

КӘСІБИ БАҒДАР АЛУ - МАМАНДЫҚ ТАҢДАУДЫҢ НЕГІЗІ

13.11.2025

12 қараша күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжіне  №13 «ЭКОС» мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушылары кәсіби бағдар алу мақсатымен келді. Мектеп оқушыларына колледжде оқытылатын негізгі мамандықтар мен талапкерге қажетті құжаттар,  білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының түрлері сипатталды. Колледж қабырғасында оқытылатын мамандық түрлері мен білім алу мерзімідері, бейіндік пәндер және шығармашылық емтихандар бойынша түсіндіру жұмыстары жүрді.  Талапкерлерге колледж базасы бойынша экскурсия жасалды. Экскурсия кезінде оқушылар Робототехника негіздері мен 3D модельдеу, GlobaLink құзыреттілік орталығы,  Құзыреттілік  кампусы, салтанат залы, «Energy» фитнес залымен танысты. Оқушылар колледждегі білім беру мазмұны мен үдерісі бойынша сұрақтарына жауап алды.

Просмотров: 305


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст