13.11.2025
2025 жылдың 12 қарашасында Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің Информатика бөлімі ұйымдастырған «ІТ саласындағы педагогтердің құзыреттілігін арттыру» атты семинар өтті.
Семинардың мақсаты – педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталған курстардан кейін алынған білім мен тәжірибені ұжыммен бөлісу, өзара тәжірибе алмасу.
Ел Президенті Жолдауында жасанды интеллектіні түрлі салада тиімді пайдалану қажеттілігіне ерекше назар аударды. Осыған орай Информатика бөлімінің оқытушылары сабақ процесін жоспарлау мен ұйымдастыру барысында қолданылатын заманауи мультимедиялық технологиялар және жасанды интеллект платформалары туралы өз тәжірибелерімен бөлісті.
🔹 Іс-шара барысында қатысушылар тәжірибеден алынған мысалдар арқылы білім беру процесінде цифрлық құралдарды пайдаланудың тиімді тәсілдерін талқылады.
🔹 Семинар кәсіби даму мен өзара тәжірибе алмасуға арналған тиімді алаң ретінде ұйымдастырылды.
#цифрлықсауаттылық #инновация #жасандыинтеллект #біртұтастәрбие