31.05.2021
2021 жылдың 28-30 мамыр күндері Түркия елінің Стамбұл қаласында өткен «CHAMPIONS – 2021» халықаралық турнирінде Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің студенті, Қазақстан Республикасының спорт шебері Болд Жангүл күрестен 62 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, жүлделі ІІІ орын иегері атанды. Қазақ елінің намысын қорғап, өз жетістіктерімен боз кілемді бағындырып келе жатқан жігерлі қызымызды аталмыш жеңісімен құттықтаймыз!