31.05.2021
Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде 2021 жылдың 27, 28 мамыр күндері қабылдау комиссиясының ұйымдастыруымен «Мамандық таңдау – маңызды қадам» атты онлайн ашық есік күні өткізілді. Онлайн ашық есік күнін өткізудің мақсаты – талапкерлер мен ата-аналарға қашықтықтан колледждің тарихы, үйірме жұмыстары, мамандықтар бойынша толық ақпарат беру және қабылдау тәртібі мен ережесін түсіндіру. Ашық есік күніне қатысу үшін талапкерлер инстаграм желісіндегі @VKPK_OFFICIAL парақшасына тіркеліп, тікелей байланысқа шықты. Ақмола облысы бойынша және Көкшетау қаласының мектеп оқушылары қатысып, белсенділік танытты.