АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Ақмола облысы колледждерінің ҮЗДІК ПЕДАГОГЫ

31.05.2021
Ақмола облысы ТжКББ ұйымдарының педагог қызметкерлері арасында «Үздік педагог – 2021» сырттай облыстық конкурсының қорытындысы бойынша Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Заманбекова Әлия Заманбекқызы Гран-при иегері атанды! Конкурс ұйымдастырушылары – Ақмола облысының білім басқармасы және Ақмола облысы білім басқармасының облыстық оқу-әдістемелік кабинеті.
«Үздік педагог – 2021» атағы үшін облыстың 27 оқу орнынан жалпы білім беретін және арнайы пәндер оқытушылары сайысқа түсті. Конкурс төрт кезең бойынша өткізілді: бейне-ролик, эссе, портфолио, бейнесабақ.
Өзінің педагогикалық стилін танытып, білім берудің мазмұны мен формаларын, педагогикалық салада кәсіби шеберлігін жоғары деңгейде көрсете білген Әлия Заманбекқызына «Үздік педагог – 2021» байқауының республикалық кезеңінде жеңіс тілейміз!
​Айта кету керек, жыл сайын колледж оқытушылары «Үздік педагог» сайысында өз шеберліктерін танытып, республикалық кезеңінің гран-при иегерлері атанып келеді.
Просмотров: 253


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст