11.11.2025
2025 жылдың 11 қараша күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің оқытушылары – бейнелеу өнері және оны оқыту әдістемесі пәнінің оқытушысы, педагог-зерттеуші, педагогика магистрі Бегалин Болат Жанайдарұлы мен дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі пәнінің оқытушысы, педагог-зерттеуші, Қазақстан Педагогикалық ғылымдар академиясының мүшесі, «Дене шынықтыру саласының үздік қызметкері» төсбелгісінің иегері Хамзин Елебек Советұлы Ақмола облысы білім басқармасының алқа отырысында «Үздік педагог – 2025» байқауының жеңімпаздары ретінде марапатталды.
Ұлағатты ұстаздар — өз ісінің шеберлері, кәсіби деңгейі жоғары, жаңашыл ойлы педагогтер. Олар оқу-тәрбие үдерісіне заманауи технологияларды тиімді енгізіп, студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамытуға зор үлес қосып келеді. Ұстаздардың әдістемелік және ғылыми еңбектері жас мамандар үшін құнды тәжірибе көзі болып табылады.
Бегалин Болат Жанайдарұлы бейнелеу өнерін оқыту әдістемесін жетілдіру бағытында еңбектенсе,
Хамзин Елебек Советұлы дене тәрбиесі мен спорт саласында оқытудың инновациялық тәсілдерін енгізіп, салауатты өмір салтын насихаттауда елеулі үлес қосып келеді.
Олардың бұл марапаттары – тек жеке жетістік емес, Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің беделі мен сапалы білім беру дәстүрінің айқын көрінісі.