10.11.2025
2025 жылдың 10 қараша күні Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Сөз өнері – ұлттық рухтың үні» атты «Тіл және әдебиет кафедрасының апталығына ұжымды қарсы алу» іс-шарасы ұйымдастырылды. Аталған шара кешенді білім беру бағдарламасына сәйкес – сөз құдіретін ұлықтап, қазақ тілі мен әдебиетінің мәртебесін һәм студенттердің тіл байлығы мен шығармашылық қабілетін арттыруға бағытталған.
Қарсы алу барысында студенттер мен оқытушылар «Электронды кітаптар көрмесін» тамашалап, сонымен қатар шығармашылық ойды ұштап, тіл байлығын дамытуға арналған «Ойлан, тап!», «Сіз білесіз бе?» атты қызықты тапсырмалар мен танымдық ойындар ұйымдастырылды.
«Кітап әлемінде» атты фотоаймақ көпшіліктің көңілінен шығып, студенттер мен оқытушылар естелік суреттерге түсті.
Бұл бастама – «сөз киесін сезінуге, ана тілін қадірлеуге, әдебиетті сүйіп оқуға шақырған ізгі үндеу» болды.
#ЖМусинКолледжі #СөзҚұдіреті #БілімМекені