10.11.2025
«Жаңа Қазақстан» республикалық инновациялық орталығы Ұлы ағартушы, хакім Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай «Үздік 100 дарынды оқушы» республикалық байқауын ұйымдастырды.
Аталған байқауға Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің ағылшын тілі бөлімінің IV курс студенті Қуат Аружан Сұңғатқызы қатысып, І дәрежелі дипломмен марапатталды.
Жетекшісі – Рақымжан Оралсын Қалиқайдарқызы.
Әріптесіміз бен шәкіртімізді шын жүректен құттықтаймыз!
Шығармашылық табыс, толағай жеңістер мен жаңа белестерді бағындыру жолында сәттілік тілейміз!