Текст
05.11.2025
Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің филология бөлімінің ФБ-11 тобы оқытушыларымен бірге Мәлік Ғабдуллин музейіне экскурсияға барып, тарихи жәдігерлермен, құнды деректермен танысып, әсерлі мәліметтер алды. Бұл сапар жас ұрпақтың бойында елжандылық, отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыруға, тарихи тұлғаларды құрметтеуге бағытталды. Мұндай шаралар болашақ педагогтардың азаматтық ұстанымын қалыптастыруда үлкен рөл атқаратыны сөзсіз.
#адалазамат #біртұтастәрбиебағдарламасы