03.11.2025
Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің әлеуметтік педагогы Аугалиева Жадыра Каирболатовна, педагог-психолог Жезбаева Гүлзат Батырбекқызы және топ жетекшілері студенттердің қамқоршыларымен кездесу жүргізді.
Мақсаты: Балалардың қамқоршылары және заңды өкілдері мен колледж арасындағы ынтымақтастықты арттыру, әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық қолдау көрсету.
Міндеттері:
* Ата-ананың жеке ұстанымдарын анықтау және отбасындағы тәрбие мотивтері туралы білімдерін кеңейту;
* Балаларды тәрбиелеу процесінде ата-аналардың әсер ету формаларын оңтайландыру, тәрбие стилін үйлестіру;
* Балалар мен жасөспірімдердің мінез-құлқындағы жағымсыз көріністердің алдын алу.
Осы мақсат пен міндеттер аясында топ жетекшілері студенттердің үйлеріне барып, қамқоршыларымен кездесіп, пікір алмасу жүргізді. Әңгіме барысында студенттердің оқу үлгерімі, тәртібі мен әлеуметтік жағдайы талқыланды.
Қамқоршылар колледж әкімшілігі мен педагогтеріне көрсетілген қолдау мен бірлескен жұмыс үшін ризашылықтарын білдірді.