31.10.2025
2025 жылдың 30 қазанында Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде ағылшын тілі пәнінің оқытушысы, педагог-зерттеуші Китарова Ғалия Сырымқызының «Айтылым, жазылым, тыңдалым және сөйлеу дағдыларын жетілдіру» модулі бойынша тәлімгерлік үлгі сабағы өтті.
Сабақтың негізгі мақсаты — студенттердің айтылым, тыңдалым, оқылым және жазылым дағдыларын жетілдіру, сондай-ақ болашақ пен технология тақырыбы бойынша сөздік қорын байыту.
Сабақ барысында студенттер жұптық және топтық жұмыстарға белсене қатысып, will, may, might, probably модаль етістіктерін қолданып, болашаққа қатысты өз болжамдарын ұсынды.
Сонымен қатар, LearningApps, Wordwall, Canva, Randraw сияқты заманауи платформалар қолданылып, сабақ қызықты әрі интерактивті түрде өтті.
Суденттер сыни ойлау мен коммуникативтік қабілеттерін көрсетіп, рефлексия кезеңінде өз жетістіктерін бағалай отырып, болашаққа мақсаттар қойды.
Үлгі сабаққа Ақмола облысы білім басқармасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді дамыту орталығының әдіскері Жаманбаева Қаракөз Мұқышқызы, колледж әдіскері Сабырова Әсем Бекешқызы, Ағылшын тілі бөлімінің меңгерушісі Каппас Айсара Жанатқызы, «Шетел тілі» кафедрасының оқытушылары қатысты.
Ашық сабақ жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар тарапынан оң баға берілді.