АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

ТӘУЕЛСІЗ ЕЛІМ – ҚАЗАҚСТАН

23.10.2025

2025 жылдың 23 қазан күні Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің Филология бөлімінің ФБ-11 тобының топ жетекшісі Капарова Мөлдір Есенгелдіқызының ұйымдастыруымен «Тәуелсіз елім – Қазақстан» тақырыбында кураторлық сағат өтті.
Кураторлық сағаттың мақсаты – студенттердің ел тарихына, тәуелсіздік құндылықтарына деген қызығушылығын арттыру, отансүйгіштік сезімдерін қалыптастыру және егемен елдің жетістіктеріне деген мақтаныш рухын нығайту болды.
Іс-шара барысында студенттер Қазақстанның тәуелсіздік жолындағы тарихи кезеңдері, мемлекетіміздің жетістіктері мен ел бірлігінің маңызы туралы ой бөлісті. Сондай-ақ, бейнероликтер көрсетіліп, «Менің Отаным – Қазақстан!» тақырыбында пікірталас өткізілді.
Сонымен қатар, студенттер өздерінің шығармашылық қабілеттерін танытып, «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» атты тақырыпта дайындалған плакаттарын қорғап, мазмұнын таныстырды.
Кураторлық сағат студенттердің рухани дүниесін байытып, ұлттық сана мен патриоттық сезімін тереңдетуге бағытталды.

#ТәуелсізЕлімҚазақстан #ЖМусинКолледжі #ПатриоттықТәрбие #ЖастарРухы

 

Просмотров: 10


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст