24.10.2025
Ағымдағы жылдың 23 қазанында Абай атындағы электронды-ресурстық кітапханасында «Жасампаз оқырман дағдысы» жобасының аясында 24 қазан – кітапханашылар күніне орай “Кітапханашы - креативті маман” интеллектуалды ойыны өтті.
Негізгі мақсаты: кітапханашы кәсібін, оқырмандарға қызмет көрсету, жас ұрпаққа жаңашыл кітапхананың, кітапханашы жұмысының қыр сырын насихаттау. Кітапханашы мамандығының шығармашылық, ізденімпаз және заманауи қырларын көрсету, сонымен қатар студенттердің кітап пен білімге деген қызығушылығын арттыру болды. ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 18 қазан №833 қаулысымен «24 қазан – КІТАПХАНАШЫЛАР күні» болып бекітілді.
Іс-шарада қызықты логикалық сұрақтар, жасырын сөздер, ребустар мен ойлау тапсырмалары ұсынылды. Әр команда өз тапқырлығын, білімділігін және креативтілігін танытты! Іс-шара соңында ойынға қатысушы топтар арнайы номинациялармен марапатталды.
Кітап – білім бұлағы,
Кітапханашы – сол бұлақтың шырақшысы!
#кітапханашыларкүні#24қазанкітапханашыларкүні