Текст
22.10.2025
Ж.Мусин атындағы жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Егемендік – елдің баға жетпес игілігі!» тақырыбында колледжішілік пікірсайыс турнирі өтті.
Іс-шараның мақсаты – студенттердің азаматтық ұстанымын қалыптастыру, шешендік өнерін дамыту және елжандылыққа тәрбиелеу.
Пікірсайыс барысында қатысушылар өз ойларын еркін жеткізіп, дәлелді пікірлерімен ерекшеленді. Турнир нәтижесінде «Парасат» дебат клубының мүшелері жоғары белсенділік танытып, жүлделі орындарға ие болды.
#РеспубликаКүні #АдалАзамат #БірыңғайТәрбиеБағдарламасы #ПарасатДебатКлубы #ЖМусинКолледжі