22.10.2025
2025 жылдың 20 қараша күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің «Digital-ғылым: әлеуметтік-жаратылыстану пәндеріндегі инновациялық серпін» апталығының жоспарына сәйкес 1-курс студенттері арасында «Жасыл химия – жасыл болашақ» атты экологиялық бағыттағы ғылыми жобалар байқауы өткізілді. 🌿
Іс-шараның мақсаты – студенттердің экологиялық мәдениетін арттыру, табиғатты қорғауға бағытталған ғылыми идеяларды қолдау және жасыл технологияларды насихаттау.
Байқау барысында студенттер өздерінің авторлық жобаларын, макеттерін таныстырып, «Қалдықсыз өндіріс», «Энергия үнемдеу», «Табиғи шикізаттан экологиялық өнім алу» секілді тақырыптарда тың идеялар ұсынды.
Сонымен қатар, қатысушылар Wordwall платформасында онлайн викторинаға қатысып, білімдерін сынады.
Кеш соңында жеңімпаздар номинациялар бойынша марапатталды.
Бұл іс-шара – табиғатқа жанашырлық пен ғылымды ұштастыратын тамаша бастама болды!
#ЖасылХимия #ЭкоБолашақ