Текст
22.10.2025
2025 жылдың қыркүйек–қазан айлары аралығында 1-курс студенттерінің бейімделуіне бағытталған «Танысайық, достасайық!» атты тренингті педагог-психологтар Испаева Дина Ғалымқызы, Джезбаева Гүлзат Батырбекқызы және әлеуметтік педагог Аугалиева Жадыра Қайырболатқызы бірлесе отырып өткізді.
Тренингтің негізгі мақсаты – студенттердің жаңа оқу ордасына тез бейімделуіне, өзара достық қарым-қатынас орнатуына, топішілік ынтымақ пен бірлікті нығайтуға ықпал ету болды. Іс-шара барысында түрлі таныстыру жаттығулары, топтық ойындар мен психологиялық тесттер ұйымдастырылып, студенттердің белсенділігі мен қызығушылығы жоғары деңгейде байқалды.