АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ МЕҢГЕРГЕН БОЛАШАҚ SMART-ПЕДАГОГ

17.10.2025

2025 жылдың 16 қазан күні Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде бастауыш мектеп бөлімінің ұйымдастыруымен «Цифрлық технологияларды меңгерген болашақ SMART-педагог» атты колледж студенттері арасындағы байқау өтті.
Іс-шара барысында қатысушылар педагогика мен цифрлық технологияларды үйлестіріп, кәсіби құзыреттіліктерін, шығармашылық қабілеттерін және заманауи цифрлық құралдарды қолдану дағдыларын көрсетті.
Байқау III кезеңнен тұрды. 
I кезең – «Өз мамандығын цифрлық форматта насихаттау»
II кезең – «Құндылықтарды дарыту арқылы сыныптан тыс іс-шараның нәтижесін қолдану»
III кезең – «ЖИ жүйесіндегі педагогикалық жағдаяттарды шешу»
Үш кезеңнің қорытындысы бойынша Бас жүлдені ФБ-41 тобының студенті Дәулетбек Жұлдыз Саветқызы жеңіп алды. І дәрежелі дипломды А-42 тобының студенті Кенжітай Томирис Жақсылыққызы иеленді. ІІ дәрежелі дипломды БМ-41 тобының студенті Ерденова Дильназ Армановна және МД-31 тобының студенті Төлеген Аружан Сабыржанқызы еншілесе, ІІІ дәрежелі дипломмен И-41 тобының студенті Ерғали Ұлпан Дидарқызы және Л-41 тобының студенті Темірхан Үміт Жолшыбекқызы марапатталды.
ДМ-41 тобының студенті Макиров Хамит Қайратұлы қатысушы сертификатына ие болды. Байқауға қатысушыларды дайындауға атсалысқан жетекшілерге кәсіби қолдауы мен бағыт-бағдар бергендері үшін арнайы сертификаттар табысталды. Мұндай іс-шаралар колледж студенттерінің кәсіби дамуына серпін беріп, болашақта SMART-педагог болуға ұмтылған жас мамандардың жолын айқындайтыны сөзсіз.
Іс-шараны ұйымдастырушыларға, қатысушыларға және жетекшілерге алғыс білдіре отырып, шығармашылық табыс пен кәсіби шыңдарға жетулеріне тілектеспіз!

Просмотров: 92


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст