АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

ШАХМАТ – ОЙ ЖҮЙЕСІ МЕН ТӘРТІПТІҢ МЕКТЕБІ.

17.10.2025

Ағымдағы жылдың 15 қазан күні «Сұңқар» универсиадасы аясында өткен шахмат жарысында Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің «Ақ ладья» шахмат клубының мүшелері табысты өнер көрсетті. Командалық есепте үшінші орынды жеңіп алған студенттеріміз өздерінің білім мен логиканы ұштастыра алатын, нағыз зияткер буын екенін дәлелдеді. Жарысқа қатысқан студенттер - Әбіш Ділназ Әділханқызы (А11), Бүркітхан Жанмарал Шамсалиқызы (ФБ-31), Сұлтан Манат Құмарұлы (ДМ-42), Алпыс Досан Ақанұлы (ДМ-11) командалық есепте жүлделі ІІІ орынға ие болды.  Алпыс Досан жекелей сында қола медаль иеленіп, жеке шеберлігімен де көзге түсті. Сонымен қатар,  Сұлтан Манат колледж намысын төртінші жыл қатарынан қорғап келеді. Бұл жетістік команда жаттықтырушысы Иманбаев Қуаныш Қожабайұлының еңбегі ғана емес, студенттердің ізденісі мен тұрақты дайындықтарының нәтижесі. Жас шахматшыларымызға алдағы додаларда да сәттілік тілейміз!

Просмотров: 102


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст