2025 жылдың 3 қазан күні Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Логопедия» мамандығы бойынша білім алатын Л-31 ҚБ тобының студенттері мен арнайы пәндер оқытушысы Искакова Бахыт Жарматайқызы оқу практикасы барысында Көкшетау қаласындағы Ақмола облыстық балалар емханасында орналасқан «Қамқорлық» оңалту орталығына барды.
Сапар барысында студенттер ерекше білім беруді қажет ететін балалармен кездесіп, жылы қарым-қатынас орнатты. Балалармен өткізген әрбір сәт шынайы эмоция мен қуанышқа толы болды. Қызықты ойындар, музыкалық әуендер мен ритмикалық билер балалардың көңіл күйін көтеріп, іс-шара тәтті сыйлықтармен жалғасты.
Сонымен қатар, студенттер орталықтың медицина және педагогика саласының мамандарынан балаларды оңалту үдерісі туралы көптеген маңызды мәлімет алды.
Бұл кездесу студенттерге үлкен тәжірибе мен шабыт сыйлады.
Мейірім, қамқорлық және сүйіспеншілік – болашақ мамандардың басты кәсіби және адами құндылықтары болып табылады.