АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

2 ҚАЗАН – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК, ОРТА БІЛІМНЕН КЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ!

02.10.2025

Құрметті техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бүгінде техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі – елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізін қалап, өндірістік және қызмет көрсету салаларына қажетті білікті мамандарды даярлайтын маңызды құрылым. Бұл жүйенің басты тіректерінің бірі – техникалық және педагогикалық колледждер.
Техникалық колледждер – өндірістік-техникалық бағыттағы мамандарды тәрбиелеп, елдің индустриялық-инновациялық дамуына үлес қосса, педагогикалық колледждер – жас ұрпақты білім нәрімен сусындататын болашақ ұстаздарды дайындап, ұлттың рухани әлеуетін арттырады. Осылайша, колледждер кәсіби кадрларды даярлап қана қоймай, жастардың жан-жақты дамуына, еңбек нарығында өз орнын табуына кең мүмкіндік береді.
ТжКБ қызметкерлерінің еңбегі – еліміздің өркендеуіне қосылған өлшеусіз үлес. Жас ұрпақтың шығармашылық қабілетін шыңдап, кәсіби құзыреттілігін арттырудағы қызметтеріңіз әрдайым зор құрметке лайық.
Баршаңызға шығармашылық табыс, қажымас жігер, мықты денсаулық және жаңа жетістіктер тілейміз!
Еңбектеріңіз жанып, шәкірттеріңіз биік белестерді бағындыра берсін!
#БіздіңТжКБ #КәсіптікБілім #ҰстаздарғаҚұрмет #БілімКүні #ТжКБкүні

 

Просмотров: 384


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст