Текст
2025 жылдың 26 қыркүйегінде Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде жас мамандарға педагогикалық және психологиялық қолдау көрсету мақсатында педагог-психологпен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесудің негізгі мақсаты – жас мамандардың кәсіби ортаға бейімделуіне ықпал ету, педагогикалық қызмет барысында туындайтын психологиялық қиындықтарды еңсеру жолдарын көрсету және эмоционалдық тұрақтылықты қалыптастыру болды. Іс-шараға педагог-психологтар Испаева Дина Ғалымқызы мен Джезбаева Гүлзат Батырбекқызы қатысып, қатысушылармен ашық сұхбат жүргізді және диагностикалық әдістер арқылы тиімді тәсілдермен бөлісті. Кездесу барысында жас мамандар бір-біріне қолдау көрсетіп, жағымды әсер алды.
#адалазамат