АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

БІЗДІҢ ТАҢДАУЫМЫЗ - «ESIRTKISIZ QAZAQSTAN»!

24.09.2025

24 қыркүйек күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде қоғамдағы ең өзекті мәселелердің бірі – нашақорлықтың алдын алу тақырыбына арналған «ESIRTKISIZ QAZAQSTAN» атты семинар өтті.
Іс-шараны тәрбие бөлімінің қолдауымен "Esbol Qory" қоғамдық қоры және оның жанындағы Esirtkisiz.aqmola аймақтық фронт-офисі ұйымдастырды.
Семинар барысында:
* Қатысушылар еліміздегі нашақорлықтың қазіргі ахуалы туралы тың деректер алды;
* Фронт-офис жұмысының (Esbol Qory кейсі) тәжірибесімен танысты;
* Жастар белсенді қатысқан интерактивті ойындар мен пікірталастар өтті;
* Жеке даму мен қоғамға үлес қосуға бағытталған мотивациялық бөлім ұйымдастырылды.

Семинарға қатысушы студенттер әлеуметтік жауапкершіліктің маңыздылығын түсініп, салауатты өмір салтын насихаттауға үн қосты.

Просмотров: 317


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст