24.09.2025
2025 жылдың 24 қыркүйегінде Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің БМ-41 тобының 2-топша студенттері Сәкен Жүнісов атындағы №18 мектеп-лицейінде өз тәжірибелерімен бөлісіп, семинар өткізді.
Тақырыбы: «Бастауыш білім беру жүйесі: Инновация. Тәжірибе. Нәтиже.»
Мақсаты: болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, теория мен тәжірибені ұштастыру, тәжірибе алмасуға жағдай жасау.
Семинар барысында бастауыш білім беру саласындағы кәсіби практиканың нәтижелері сараланып, студенттердің тәжірибелік ізденістері өз жемісін берді. Жас мамандар педагогикалық үдерістің ерекшеліктерін меңгеріп, заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді игере алды. Колледж ішілік әдіскер Балкүміс Байжанқызы тарапынан көрсетілген ғылыми-әдістемелік жетекшілік олардың кәсіби дамуына айрықша ықпал етті.
Оқу-тəжірибелік үдерісте қолдау көрсеткен ұстаздарға, мектеп ұжымына және әдіскерлерге студенттер атынан алғыс білдірілді.