24.09.2025
2025 жылдың 24 қыркүйек күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде 2025–2026 оқу жылына арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстары бойынша іс-шаралар жоспары» ұжым назарына ұсынылып, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы ақпарат берілді.
Отырыс барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, адалдық құндылықтарын насихаттау, ашықтық пен әділдік қағидаттарын жүзеге асыруға бағытталған шаралар айқындалды.
Топ жетекшілеріне «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын» негізге ала отырып, топ сағаттарын ұйымдастыру, арнайы жоспарға сәйкес іс-шараларда белсенділік таныту міндеттелді.
#адалазамат #біртұтастәрбиебағдарламасы