2025 жылдың 19 қыркүйек күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Мектепке дейінгі педагогика және логопедия» кафедрасының арнайы пәндер оқытушысы, педагог-зерттеуші Мұқышева Нұргүл Серікқызының «Балаларды табиғатпен таныстыру және оқыту әдістемесі» модулі бойынша тәлімгерлік үлгі сабағы өтті.
Сабақтың негізгі мақсаты – студенттерге экологиялық білім берудегі ауа райы мен топырақ тақырыптарының мәнін түсіндіру, тәжірибелік тапсырмалар арқылы дағдыларын қалыптастыру, табиғи құбылыстар мен топырақ түрлеріне қатысты теориялық білім беру, сондай-ақ сабақ жоспарлау және өткізу тәсілдерін үйрету болды.
Сабақ барысында жаңа ақпаратпен таныстыру, АКТ-ойын, тест және Kahoot әдістері қолданылды.
Үлгі сабаққа колледж директорының ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Батанасова Бақытгүл Ерғалиқызы, колледж әдіскері Сабырова Әсем Бекешқызы және жас мамандар қатысып, тәжірибе алмасты. Бұл олардың кәсіби шеберліктерін жетілдіруге үлкен мүмкіндік берді.
Барлық студенттер мен жас әріптестерге белсенді қатысқандары үшін алғыс айтамыз!
#адалазамат #біртұтастәрбиебағдарламасы