АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП: НАШАҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!

09.09.2025

2025 жылдың 9 қыркүйек күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде Ақмола облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс - қимыл басқармасының аға жедел уәкілі полиция подполковнигі Курсанова Разия Талғатқызының қатысуымен «Нашақорлыққа жол жоқ!» тақырыбында 1 курс студенттеріне арналған ақпараттық дәріс өткізілді. Бұл шараның мақсаты - жастар арасында есірткі заттарының зияны туралы жан-жақты түсіндіру, олардың денсаулығына, болашағына және қоғамға тигізетін қауіп-қатерін көрсету, құқықтық сауаттылықты арттыру және құқық бұзушылықтың алдын алу.
Дәріс барысында студенттерге нашақорлықтың қоғамдағы салдары, есірткі бизнесіне қарсы күрес шаралары, сонымен қатар жасөспірімдердің заң алдындағы жауапкершілігі жөнінде нақты мәліметтер берілді. Курсанова Разия Талғатқызы студенттерді салауатты өмір салтын ұстануға, спортпен және пайдалы істермен айналысуға шақырды.
Кездесу соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, маманнан толыққанды жауап алды.
#адал азамат
#біртұтас тәрбие бағдарламасы
#заң және тәртіп

Просмотров: 223


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст