Текст
2025 жылдың 04 қыркүйек күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Рахым Арайлым Қайыргелдіқызы мен тәрбиеші Айгүл Ислямқызы Студенттер үйінің тұрғындарымен кездесу өткізді.
Іс-шара барысында Студенттер үйінде тұру ережелері таныстырылып, әлеуметтендіру мәселелеріне қатысты студенттердің сұрақтарына жауап берілді. Сондай-ақ білім алушылардың оқу процесінен тыс уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында Студенттер үйінде жоспарланып отырған мәдени-спорттық және интеллектуалды бағыттағы іс-шаралар таныстырылды.
Кездесу барысында студенттердің ұсыныстары мен пікірлері тыңдалып, оларды жүзеге асыру жолдары қарастырылды.