02.09.2025
2025 жылдың 2 қыркүйегінде Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде №109 дәрісхана – «Нәзипа Құлжанова атындағы мектепке дейінгі педагогика» дәрісханасының ашылу рәсімі өтті.
Салтанатты ашылу рәсімін колледж директоры Нұртас Ахатұлы мен ұлағатты ұстаз Сағира Абзалқызы жүргізді.
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту – балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыруға негіз болатын заттық-дамытушы ортаны жобалауға, теориялық және практикалық тұрғыда толыққанды дайындықты қамтамасыз етуге бағытталған. Дәрісхана дизайны білім алушылардың жан-жақты білім алуына және оны практикалық тұрғыда қолдануына мүмкіндік береді.
Дәрісхананың мақсаты:
• студенттерге мектепке дейінгі педагогиканың негізін қалаған Н. Құлжанованың өмірі мен қызметін насихаттау;
• STEAM оқытудағы инновациялық технологияларды меңгерту;
• студенттердің педагогикалық кәсіби біліктілігін жетілдіру және үздіксіз білім алуға бағыттау.
Дәрісхананың мазмұны мен ерекшеліктері:
• арнайы жабдықталған STEAM бұрышы заманауи инновациялық-дидактикалық құралдармен қамтамасыз етілген;
• ағартушы, ұстаз, қоғам қайраткері Нәзипа Құлжанованың 3D портреті орналастырылған;
• QR-код арқылы студенттер оның еңбектері мен өмірбаянына қатысты деректермен және бейнематериалдармен таныса алады;
• балалардың ұсақ моторикасын, ойлау қабілетін, шығармашылығын дамытуға арналған 3D бизибордтар орнатылған.