АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«АДАЛ АДАМ, АДАЛ ЕҢБЕК, АДАЛ ТАБЫС» АТТЫ КУРАТОРЛЫҚ САҒАТЫ

01.09.2025

2025 жылғы 1 қыркүйек күні А-11 тобының жетекшісі Даирова Томирис Аманжолқызы «Адал адам, адал еңбек, адал табыс» тақырыбында кураторлық сағат ұйымдастырды. Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттерге адалдық, адал еңбек және адал табыс ұғымдарын түсіндіру, олардың қоғам мен жеке адамның өміріндегі маңыздылығын көрсету, сондай-ақ жастарды адал болуға, адал еңбек етуге және әділ жолмен табыс табуға ынталандыру болып табылады. Кураторлық сағат барысында А-11 тобының студенттері бір-бірімен жақынырақ танысып, топтық жұмысқа тартылды. Студенттер шағын топтарға бөлініп, адал адамға тән қасиеттерді талдап, еңбектің мәні туралы пікір алмасты. Сонымен қатар, адал табыстың қоғамға және жеке тұлғаға беретін пайдасы түсіндіріліп, адалдық пен еңбектің адам өміріндегі орны мен маңызы айқындалды. Іс-шара студенттердің бойында адалдыққа, еңбексүйгіштікке, әділеттілікке деген құндылықтарды қалыптастыруға ықпал етті.

Просмотров: 244


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст