АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«БІЛІМ КҮНІ. БЕЙБІТШІЛІК КҮНІ» САЛТАНАТТЫ ЖИЫНЫ

01.09.2025

2025 жылдың 1 қыркүйегі – Білім күніне орай Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Білім күні. Бейбітшілік күні» тақырыбында салтанатты жиын өткізілді. Мерекелік іс-шараның ашылуында колледж директоры, филология ғылымдарының кандидаты, Педагогикалық ғылымдар академиясының және Ұлттық Құндылықтар Академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы Ахат Нұртас Ахатұлы құттықтау сөз сөйледі. Сондай-ақ директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Ілияс Данагүл Нұртайқызы студенттерді мерекемен құттықтады. Салтанатты жиын барысында «Филология» бөліміне оқуға қабылданған студент Жамилахынқызы Зейнептің әкесі Мұса Жамилахын жас түлектерге жүрекжарды тілегін білдірді. Сонымен қатар, ағылшын бөлімінің I курс студенті, А-11 тобының білім алушысы Жанболатқызы Нұрсая да өз құттықтауын жеткізді. Мерекелік бағдарлама аясында студенттер қазақтың дәстүрлі биін орындап, домбыраның қоңыр үнімен күмбірлеген күйлерді шертті және әсем әннен шашу шашты. Ұлттық өнермен өрнектелген бұл қойылымдар қатысушыларға ерекше әсер қалдырып, Білім күні мерекесінің мазмұнын айшықтай түсті.

Просмотров: 210


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст