25.05.2025
Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиет пәні бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі «Филология» бөлімінің І курс студенті Дастанқызы Сабина жүлделі ІІ орынды иеленді. Қашықтан өткен байқау 2 кезеңнен тұрды. Негізгі мақсат – білім алушылардың теориялық білімі мен практикалық шеберлігін тереңдету, шығармашылық қабілеттерін арттыру, дарынды білім алушыларды анықтау және дамыту. Құттықтаймыз! Жетекшісі: Қайыржан Тілек Сағындыққызы. Биік белестерден көріне беріңіздер!