Текст
2025 жылдың 15 мамыр күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бөлімінің ұйымдастыруымен «Пластилинография және мүсіндеудің түрлері» колледжішілік семинар-практикумы өтті. Негізгі мақсат – студенттерге пластилинография мен мүсіндеудің негіздерін үйрену, шығармашылық қабілеттерін дамыту және Worldskills дағдыларын жетілдіру. «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бөлімінің студенттеріне шығармашылық қабілеттерін дамытуда арнайы пән оқытушылары Амиржанова Гүлмира Қайыржанқызы мен Бегалин Болат Жанайдарұлы пластилинография, мүсіндеу туралы білімдерін жетілдіруде бағыт берді. Семинар-практикумға МД-21 және МД-22 тобының студенттері белсене қатысты.