Текст
2025 жылдың 30 сәуір күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің «Мектепке дейінгі және логопедия» мамандығы бойынша ІV курс студенттері мен М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің мамандарының ұйымдастыруымен онлайн форматта (ZOOM) кездесу өткізілді. Кездесу барысында түлектер тарапынан дуалды оқыту мәселесі бойынша сұрақтар қойылды. ЖОО арнайы пәндер оқытушысы, кәсіби бағдар беру маманы Сәбит Индира Асылханқызы түлектердің барлық сұрақтарына толық жауап берді. Колледж түлектері дуалды оқыту форматының ережелерімен танысып, қажетті мәліметтер алды.