Текст
2025 жылдың 7 мамыр күні Жеңіске 80 жыл толуын мерекелеу құрметіне орай, «Отан қорғаушы күні» қарсаңында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қатысуымен Астана қаласы, Тәуелсіздік алаңында әскери шеру өтті. Аталмыш іс-шараға Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің «АЙБЫН» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері арнайы шақырту алып, шеруге қатысып қайтты. Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизмді, Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру, өнер мен мәдениетке деген құштарлықтарын ашу, одан әрі дамытуға үлес қосуға мүмкіндіктер жасау.