АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

ТҮЛЕКТЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ – 2021

15.05.2021

Жұмыспен қамтамасыз ету – халықты әлеуметтік қорғаудың негізі, өмір сүру сапасын арттырудың негізгі құралы. Жанайдар Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде түлектерді жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында «Табысты түлек» орталығының жоспарына сәйкес «Түлектер жәрмеңкесін» дәстүрлі түрде өткізілді.

2021 жылдың 14 мамыр күні ZOOM платформасы арқылы өткізілген онлайн кездесу «Мамандықтар әлемінде» атты бейнефильм көрсетілімінен басталды. Колледж директоры Н.Ахат алғы сөз сөйлеп, директордың практика жұмысы бойынша орынбасары Қ.Мұқышева түлектер бойынша статистикалық есеп берді. Колледж әдіскері Ш.Жұматаева түлектер жетістігіне тоқталып, студенттеріміздің халықаралық, республика, облыс деңгейінде өз шеберліктерімен танылып келе жатқандығын атап өтті. Кездесу соңында қатысушы мекемелер тарапынан «мекемелер жарнамасы» таныстырылды. Түлектермен «диалог алаңы» құрылып, қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға толыққанды жауап алды.

Онлайн кездесуге Ақкөл ауданының Новорыбинка ОМ, Құрлыс негізгі орта мектебі, Кына ОМ, Аршалы ауданының Бұлақсай ОМ, Сандықтау ауданына қарасты Максимовка ОМ, Сандықтау ауданының «Мирас балабақшасы», Көкшетау қаласының білім бөлімі, Жақсы ауданының Новокиенка ОМ, Көкшетау қаласындағы «Мерей» балабақшасы, «Алтын бала» балабақшасы, «Болашақ» бөбекжайы, «Қуаныш» балабақшасы, «Арман» балабақшасы, «Жұмыспен қамту орталығы», Көкшетау қаласы, білім бөлімінің әдіскері, Нұр-Сұлтан қаласының Binom School, Балқаш қаласының Балдаурен РОСО, Біржан сал ауданының Казгородок ОМ, Макинка ОМ, Степногорск қаласының №8 ОМ, Зеренді ауданының Айдабол ОМ, Молодежное ОМ, Жақсы ауданына қарасты Киевка ОМ, Баракөл ОМ, Бұланды ауданының Новоникольская ОМ, Көкшетау қаласының №2 ОМ, №5 МГ, №16 ОМ, Шортанды ауданы білім басқармасы қатысты.

Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола облысы аудандық білім бөлімдерінің мамандарына, мектеп басшыларына, балабақша меңгерушілеріне, Көкшетау қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің өкілдеріне бітіруші түлектерді жұмысқа орналастыру мәселесіне атсалысуға қатысқаны үшін алғысымызды білдіреміз!

Просмотров: 253


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст