Текст
ҚР Оқу-ағарту министрі Бейсембаев Ғани Бектайұлының қатысуымен «Қазақстан Республикасы колледждерінің үздік 100 студенті» республикалық байқауының жеңімпаздарын ресми марапаттау рәсімі өтті. Байқауда Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі «Дене мәдениеті» бөлімінің ІІІ курс студенті, «Айбын» әскери-патриоттық клубының командирі, жеңімпаз Қабдөш Ербатыр марапатталды. Жетекшісі: «Дене мәдениеті» бөлімінің меңгерушісі Шакенов Ерболат Бергембайұлы. Құттықтаймыз! Жеңіс тұғырынан көріне беріңіз!