АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

№4 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС

25.04.2025

2025 жылдың 24 сәуір күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде №4 педагогикалық кеңес өтті. Күн тәртібінде бірнеше бағыттағы мәселелер қарастырылды. Колледж директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ілияс Данагүл Нұртайқызы ағымдағы аттестаттау қорытындысы бойынша білім сапасының нәтижесі жөнінде есеп беріп, жетілдіру жолдарын атап өтті. Колледж директорының ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Батанасова Бақытгүл Ерғалиқызы жас мамандардың кәсіби бейімделу кезеңдерін сарапқа салып, нәтижелер көрсеткішін ортаға салды. «Дене мәдениеті» бөлімінің меңгерушісі Шакенов  Ерболат Бергембайұлы, оқытушылары Садвакасов Берік Қабиұлы мен Көке Асылбек Қабайұлы техникалық және кәсіптік,  орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары қатысқан республикалық ұлттық спорт лигасы жарыстарының нәтижесі  бойынша «Рахат» волейбол клубының аналитикалық есебін берді. Филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының және Ұлттық Құндылықтар Академиясының академигі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ұстазы, Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің директоры Ахат Нұртас Ахатұлы көтерілген мәселелерді сарапқа салды. Ұсынылған мәселелер бойынша талқылау жүргізіліп, тиісті қаулы қабылданды.

Просмотров: 224


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст