2025 жылдың 18 сәуір күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Бүгінгі студент – ертеңгі маман» тақырыбындағы түлектер жәрмеңкесі өтті. Негізгі мақсат – функционалды сауатты, бәсекеге қабілетті, заманауи әдіс-тәсілдермен, ақпараттық-коммуникациялық, инновациялық технологиялармен қаруланған түлектерді жұмысқа орналастыру сапасын арттыру. Жәрмеңкеге «Мансап» орталығының мамандары, әлеуметтік серіктестіктер, аудандық мектептердің басшылары, колледж ұжымы мен түлектері және IV курс студенттері қатысты. Филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан
Педагогикалық Ғылымдар Академиясының және Ұлттық Құндылықтар Академиясының академигі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ұстазы, Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің директоры Ахат Нұртас Ахатұлы өз сөзінде іс-шараның маңыздылығы туралы баса айтты. Колледж директорының оқу-өндірістік жұмысы бойынша орынбасары Жоламанова Тойындық Молдағалиқызы 2024-2025 оқу жылында бітіруші түлектер жайлы статистикалық есеп берді. Кейін IV курс студенттері «Мамандығым – мақтанышым» тақырыбында өз мамандықтарының ерекшеліктері мен айырмашылықтарын ашып көрсетіп, таныстырылым жасады. «Ойталқы: түлектер пікірі» кезеңінде №13 «Экос» мектеп-гимназиясы директорының тәрбие жұмысы бойынша орынбасары Токушева Дәндігүл Ерболқызы, Ақмола облысы, Бұланды ауданына қарасты Партизанка ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің директоры Сапарбек Наурызбек, өңір орталығындағы №17 мектеп-гимназиясы директорының ғылыми-әдістемелік жұмысы бойынша орынбасары Махамбетова Әсемгүл Сабыртайқызы, №1 мектеп-гимназиясы директорының тәрбие жұмысы бойынша орынбасарлары Жеңіс Олжас Ақанұлы мен Сәрсенова Әлия Асылбекқызы мамандық туралы кеңінен талқылау жүргізіп, сараптау жасаса, «Мансап» орталығының мамандары Махамбетжанова Мира Болатовна мен Сапарова Мадина Қанатовна «КӘСІБИ МАНСАП: БІЛІМ. ТӘЖІРИБЕ. ДАМУ» тақырыбында ой қозғады. Сонымен қатар «Еркін микрофонға» кезек беріліп, Ақмола облысы бойынша аудандық білім бөлімдері мамандары ойларымен бөлісіп, студенттермен жеке кездесулер өткізді. «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бөлімінің студенттері «Мектепке дейінгі тәрбие: Бүгінгі тәжірибе – ертеңгі шеберлік», «Логопедия» бөлімінің студенттері «Логопедия – тұлғаның үйлесімді дамуының кілті», «Дене мәдениеті» бөлімінің студенттері «Қазақтың ұлттық ойындарының тарихы және оларды дамыту жолдары», «Бастауыш мектеп» бөлімінің студенттері «Білім бастауы – бастауышта», «Информатика» бөлімінің студенттері «Информатика мұғалімінің құзыреттілігі», «Филология» бөлімінің студенттері «Дикцияны жетілдіруге арналған жаттығулар», «Музыка» бөлімінің студенттері «Музыкалық аспаптарда ойнау және көпдауысты ән орындау дағдыларын көрсету» және «Ағылшын» бөлімінің студенттері «Ағылшын тілі – болашаққа бастар жол» тақырыптарында шеберлік сыныптарын көрсетті.