2025 жылдың 15 сәуір күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің «Jas Orda» жастар ісі жөніндегі комитеті және Студенттік Парламент мүшелерінің ұйымдастыруымен «ҒАШЫҚТЫҚ ӘЛЕМІ» атты колледжішілік байқауы өтті. Аталмыш байқау төмендегідей ІІІ кезеңнен тұрды:
І. «ҒАШЫҚТАР ХИКАЯСЫ». Махаббат хикаясын баяндайтын 2-3 минуттық бейнеролик түсіру;
ІІ. «АКТЕРЛІК ШЕБЕРЛІК». Кино немесе шығармадан берілген үзіндіні мимика, іс-қимыл арқылы бейнелеп көрсету;
ІІІ. «ӨНЕРЛІ ӨРГЕ ЖҮЗЕР». Қатысушылардың өз өнерін көрсетуі керек. Ұзақтығы 4-5 минут болуы тиіс.
Нәтижесінде «Ағылшын» бөлімі Бахытжанұлы Заңғар мен Аманкелді Іңкәр «Ең сүйкімді жұп», «Филология» бөлімі Ахметжанов Ерназ бен Алпысбай Аида «Ең талантты жұп», «Бастауыш мектеп» бөлімі Зарап Мәулен мен Идаят Зарина «Ең шынайы жұп» , «Дене мәдениеті» бөлімі Алтынбек Нұрым мен Оспан Алтынай «Ең жарасымды жұп» номинациясымен марапатталды. Ал ІІІ орынды «Музыка» бөлімі Абдулла Ерқанат пен Раимбекова Зарина, ІІ орынды «Информатика» бөлімі Тулегенов Ринат және Сандыбаева Сабина, І орынды «Логопедия» мамандығының студенттері Абилкасимов Али және Жанас Гүлнәсіп иеленді. Жеңістеріңіз құтты болсын!