2025 жылдың 15-16 сәуір күндері аралығында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» РМҚК Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті базасында «ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ЗИЯТКЕРЛІК ОЙЫНДАРЫ: ӨЗЕКТІЛІГІ МЕН БОЛАШАҒЫ» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция және «Бестемше» ұлттық ойынынан республикалық жарыс өткізуде. Аталған халықаралық конференцияда ұлттық спортты дамыту, ғылым және инновациялардың трансформациялау мәселелері, салауатты өмір салты мониторингісінің ұлттық жүйесі, дене шынықтыру педагогтерін даярлаудың кейбір аспектісі туралы өзекті тақырыптар талқыланды. Конференцияның пленарлық отырысында колледж директоры филология ғылымдарының кандидаты, «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы», Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының академигі Ахат Нұртас Ахатұлы «Ұлттық ойындардың ер бала тәрбиесіндегі маңызы» тақырыбында баяндама жасап, ұлттық ойындардың тәрбиелік әлеуетін арттыру және оны білім мекемелерінде кеңінен қолдану арқылы ер балалардың тұлғалық қасиеттерін дамытуға ықпал ету қажеттілігі, жасөспірімдерді физикалық, психологиялық, интеллектуалды және рухани жағынан дамыту, ерлік, батылдық, ептілік, жылдамдық, тапқырлық сияқты қасиеттерін қалыптастыру мәселесі тұжырымдалды.