АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

САРАПШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ОНЛАЙН ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ

14.04.2025

2025 жылдың 9 сәуір күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің «Білім» бейіні бойынша республикалық оқу-әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен тізілімге енгізу үшін білім беру бағдарламаларына сараптама жүргізу бойынша сарапшыларға арналған онлайн оқыту семинары өтті. Негізгі мақсат – 01120100 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», 011301006 «Логопедия»  мамандықтары бойынша «ТжКОБ ББ тізілімі» ақпараттық жүйесіне енгізілген білім бағдарламаларына сараптама жұмыстарын жүргізу нұсқаулықтарына түсіндірме жүргізу. Іс-шараға сарапшылар (ТжКБ ұйымдарының, жұмыс беруші ұйымдарының педагогтері) қатысты. Семинар барысында «Talap» КеАҚ-ның ТжКОБ әдіснамасы және мазмұны басқармасының бас менеджері Амиржанова Мейрамгуль Жумалдиновна сарапшыларға маңызды жұмысты атқарудағы талаптарды айтып өтті. Семинар мақсатына сәйкес Республикалық оқу-әдістемілік бірлестігі жұмысы бойынша директордың орынбасары Смаилова Айгүл Тоқтауылқызы Білім беру бағдарламаларына сараптама жүргізетін топ құрамындағы жұмыс беруші ұйымдарының және ТжКБ ұйымдары педагогтеріне бағдарламаларға сараптама жүргізу тәртібі және қажетті нормативтік-құқықтық актілерді қолдануы туралы ақпаратпен бөлісті.  Сарапшылар  құжаттармен, «ТжКБ ББ Тізілімі» ақпараттық жүйесінде білім беру бағдарламасына сараптама жүргізу ережелерімен танысты. Семинар соңында сарапшылар сараптама жұмысына қатысты сұрақтар қойып, мәліметтер алды және алдағы сарапшалармен жұмыс жоспары құрылды.

Просмотров: 252


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст