Текст
2025 жылдың 10 сәуір күні Көкшетау қаласы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» ұлттық ғашықтар күніне орай өткен «ҚОС ҒАШЫҚ» қалалық байқауында Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің студенттері Пермахан Ақтілек пен Лұқман Айсұлу БАС ЖҮЛДЕНІ иеленіп, арнайы сертификатпен марапатталды. Байқаудың мақсаты – махаббаттың тазалығы мен сұлулығын көрсетуге, ғашықтар бейнелерін насихаттауға, сондай-ақ жастардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен құрметін дамыту.