28.04.2021
Ағымдағы жылдың 27 сәуір күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде ZOOM платформасы арқылы қамқоршылық кеңес отырысы өтті. Күн тәртібінде белгіленген бірінші мәселе бойынша директордың практика жұмысы бойынша орынбасары Қ.Мұқышева «Кәсіби маман даярлаудағы әлеуметтік серіктестіктердің рөлі» тақырыбында сөз сөйледі. «Табысты түлек» орталығының жұмысы бойынша бірқатар ақпараттар берілді. Колледж директоры Н.Ахат оқу орнының материалдық-техникалық базасын жаңа оқу жылына даярлау мәселелері және колледждің материалдық-техникалық базасын жетілдіруге қаржы бөлу мәселелеріне тоқталып өтті. Кеңес отырысының соңында күн тәртібінде көтерілген мәселелер бойынша тиісті қаулы қабылданып, жауапты оқытушылар бекітілді.